Жатақханада өткен кураторлық кездесу

Студенттік өмірдің қызығы мен шыжығы, қуанышы мен реніші жатақханада өтетіндігі белгілі. Сондықтан студенттер жатақхананың міндеттері мен құқықтары, оны сақтау  ережесін білулері өте қажет.

Осыған байланысты Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті 9-жатақханада студенттердің жатақханада тұру туралы ережесімен таныстыру жұмысы өтті.

№9 жатақханада тұратын 3,4-курс студенттерімен Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы кездесу өткізді. Кездесу барысында жоғарыда баяндалған студенттердің жатақханада тұру туралы ережесімен студенттерді таныстырып, олардың көптеген сауалдарына жауап берді.

Жатақханада тұрып жатқан студенттердің  тәртіп сақтау, тынығу, сабаққа дайындалу туралы мәселелері қозғалды.

 

Басылым күні :  16.05.2023