Университетіміздің үздік студенттері «мәдениеттану» мамандығы бойынша XV Республикалық пәндік олимпиададан І орынды қанжығасына байлап келді
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының «6B03102-мәдениеттану» мамандығының студенттері Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында «мәдениеттану» мамандығы бойынша XV Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінен жүлделі 1-орынға ие болды.
Олимпиада 2023 жылдың 25 сәуірінде Астана қаласында өтті.
Олимпиада қатысқандар: Шарапқызы Дамира (команда капитаны), Өлмесова Аружан Талғатқызы, Абдурахманова Хилола Бахадировна. Топ жетекшісі – филос.ғ.к., аға оқытушы Аликбаева Маржан Башанқызы.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!!
Басылым күні : 04.05.2023






