«Ислам өркениетінде уақыптардың ашылуы және қызметі» тақырыбында ашық дәріс сабақ

2023 жылдың 13 сәуір күні Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Н.С. Әлтаеваның және «Исламтану» мамандығының 1 курс магистранты Ә.Т. Оразбаевтың ұйымдастыруымен педагогикалық практика аясында «Исламтану» мамандығының 3 курс студенттеріне «Ислам өркениетінде уақыптардың ашылуы және қызметі» тақырыбында ашық дәріс сабақ өткізілді.

Ашық дәріс сабақ барысында ислам өркениетінде уақыптардың ашылу кезеңдеріне кіріспе шолу жасалып, олардың қызметі туралы мәліметтер айтылды.

Ашық дәріс сабағы уақыптардың дінге және қоғамға ықпалы туралы ақпараттармен, сонымен қоса, студенттерге сұрақтар қою арқылы тақырыптың маңыздылығын ашатын ой-тұжырымдамалармен қорытындыланды.

Ұйымдастырушылар: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Әлтаева Н.С. және «Исламтану» мамандығының 1-курс магистранты    Ә.Т. Оразбаев


Басылым күні :  29.04.2023