Тұрақты даму мақсаттарының 16-шы «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» мақсаты аясында «Дерадикализация бағытындағы заманауи әдіс-тәсілдер» тақырыбында ұлттық дәрежеде семинар
27 сәуір күні педагогикалық практика аясында дінтану, исламтану студенттері еліміздегі дерадикализация саласының білікті мамандарымен кездесті. Семинарды әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, профессор Құманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы құттықтау сөзбен бастады. Одан кейін қонақтарға кезек берілді. «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясы» директоры, РАТТ мүшесі Тимур Нүсіпханұлы «Деструктивті діни ағымдардың танымы тарихы күніміздегі көріністері» деген тақырыпта баяндама оқып, маңызды мәселелерді ортаға салды. Қандай да бір ұлт өзінің мәдениеті мен дәстүрінен жерісе, радикалды топтардың қақпанына оңай түсіп қалатынын ескертіп, Абай жолынан ұтымды мысалдар келтіріп, ата-бабаларымыздың қалдырған мирасына аса ден қоюымыз керектігін атап көрсетті.
Одан кейін «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы Діни экстремизге қарсы іс-қимыл академиясының бас сарапшысы, РАТТ мүшесі, журналист-теолог Салтан Сайранұлы «Террористік ұйымдардың медиадағы әрекеттері» тақырыбында мазмұнды презентациясымен баяндама жасады. Tiktok секілді платформалардың жастардың санасын улап рухани аштыққа ұрындыратынын алға тартты. Медианың радикал топтардың құралы екенін айтып, болашақ мамандарды кітап оқуға, білім ізденуге құлшындырды.
Семинар соңында спикерлерге алғыс хат табысталып, бұл кездесудің жаңа бастамаларға себеп болатыны талқыланды. Тимур Нүсіпханұлы студенттерді «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясына» шақырып, бірлесе жұмыс жасауға ұсыныс білдірді. Студенттерге семинардан мол әрі пайдалы мәліметтерге қанықты.
Ұйымдастырушылар: Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы Карыбаева А.Н., Аманқұл Т.О., Сарсембаев Р.М., Исламтану магистранттары Мәметбай Н., Ерімбет Р., Елеусызбаева Н., Абикаева А.







