Дінтану және мәдениеттану кафедрасының магистранттары Еуразиялық пікірталасқа қатысты
21.04.2023 жылы Дінтану мамандығының 1 курс магистранттары және Мәдениеттану мамандығының 2 курс магистранттары "Тұрақты даму саласындағы мақсаттар" аясында Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Еуразиялық пікірталастарға қатысты. "ТДМ" аясындағы мақсат 4 мақсат болды: Инклюзивті және тең сапалы білім беруді қамтамасыз ету және барлығы үшін өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін ілгерілету. Пікірсайыс А.Горчаков атындағы жария дипломатия Қорының (Ресей Федерациясы) қолдауымен Ж.Баласағын атындағы Қырғыз ұлттық университетімен бірлесіп "Еуразиялық муун" қоғамдық қоры (Еуразиялық ұрпақ) ұйымдастырған "Жастар арасында білім беру процестері арқылы Еуразиялық интеграциялық идеяны ілгерілету" тақырыбында өткізілді. Іс-шара Еуразиялық экономикалық одақтың жастар арасында танымалдылығын арттыруға, қатысушыларға ЕАЭО туралы өзекті ақпаратты жеткізуге, жас мамандарға көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Сондай-ақ, пікірталасқа Қырғыз Республикасының, Беларусь мемлекеттік университетінің, М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің және Ереван Республикасының студенттері мен магистранттары қатысты. Кафедра магистранттары пікірталасқа белсенді қатысқандары үшін сертификаттармен марапатталды.






