«Шетел алыста емес, жақында” атты тақырыпта халықаралық іс-шара

20 сәуірде Философия және саясаттану факультеті «Айналаңды нұрландыр» жобасы бойынша «Шетел алыста емес, жақында” атты тақырыпта халықаралық іс-шара өткізілді. Шетелдік оқу бағдарламалар жайында тәжірибесімен филос.ғ.д., профессор Байтенова Нағима студенттермен бөлісті. Ыстамбұл университетінің, Экономика факультетінің студенті Назерке Омарбекова және Халықаралық қазақ-түрік университеті, Теология факультеті магистранты Какимова Айгеріммен сұрақ-жауап түрінде өткізілді. Омарбекова Назерке Түркияға тегін оқу жайында, Мажарстан мемлекетіндегі университеттердің талаптары жайында ақпаратпен бөлісті. Яссауи университетінің студенттерінің Түркия елімен студент алмасуы жайында және педагогикалық тәжірибе бойынша тәжірибе алмасты. Қазақстандық жастардың жыл сайын шетелдік жоғары оқу орындарында қызығушылығы артып келеді. Халықаралық диплом елімізде жұмысқа орналасу және лайықты еңбекақы алу мүмкіндігін арттыратындығы айтылды. Іс-шараға атсалысқан филос.ғ.д., профессор Байтенова Н. және PhD, аға оқытушы Мұқан Н. Өз ойларын қоса отырып, студенттердің оқуына сәттілік тіледі.

Ұйымдастырушы: «Дінтану» мамандығының 1-курс магистранты Шалкарова А.

Ғылыми жетекші: филос.ғ.д., профессор Байтенова Н.Ж.

Педагогикалық жетекші: PhD, аға оқытушы Мұқан Н.

Басылым күні :  23.04.2023