«Әз-Заһир Сұлтан Бейбарыс» тақырыбында ашық дәріс сабағы
17-сәуірде Дінтану және мәдениеттану кафедрасы педагогикалық тәжірибе аясында «7М02205-исламтану» мамандығының 1-курс магистранты Сайлауұлы Дауылбай және кафедраның аға оқытушысы, PhD Мұқан Нұрзат жетекшілігімен «6B02202-исламтану» мамандығының 2-курс студенттерімен «Әз-Заһир Сұлтан Бейбарыс» тақырыбында ашық дәріс сабағы өткізілді. Халифат тарихын байланыстыра отыра, «Сұлтан Бейбарыс» өмір жолы және билікке келуі, сұлтан болған уақыты және басқару формасы айшықталды. Студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында, Бейбарыс сұлтан жайлы түсірілген фильмді көріп келуге алдын-ала тапсырма берілді. Студенттерге дәріс түсінікті әрі мазмұнды болды.

Басылым күні : 21.04.2023






