«Кеңес дәуіріндегі дінтанулық білімнің сипаттары» атты ашық дәріс сабағы
6-сәуірде педагогикалық тәжірибе аясында «7М02203-исламтану» мамандығының 1-курс магистранты Халимова Азиза аға оқытушы Тунгатова У.А. жетекшілігімен «6B022023-дінтану» мамандығының 3-курс студенттеріне «Кеңес дәуіріндегі дінтанулық білімнің сипаттары» атты тақырыпта ашық дәріс сабағын өткізді. Дәрісте кеңестік жылдары діннің орны, оның қарапайым халық арасында таралуы, сонымен қатар ақпарат жылдарға бөлініп, ерекшеліктері қарастырылды. Тақырып түсінікті болуы үшін, студенттермен дәрісті талқылай отырып, ерекшеліктеріне анализ жасалынды. Студенттерге дәріс түсінікті әрі мазмұнды болды.

Басылым күні : 20.04.2023






