«Қалай шетелде білім алып, өміріңізді өзгертуге болады?» тақырыбында кездесу
2023 жылы 17 сәуірде "ZOOM" платформасы арқылы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Дінтану және исламтану 1-курс магистранттары Садырбек Динара, Халимова Азиза, Романұлы Нұртөренің қатысуымен және педагогикалық практика жетекші, аға оқытушы Тунгатова Улжан Аскарбаевнаның жетекшілігімен «Қалай шетелде білім алып, өміріңізді өзгертуге болады?» тақырыбында «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері, Америка құрама штатының Бостон университетінің магистранты Әбдурасил Динара Ұзақбайқызымен және «Дінтану» мамандығының 1-3 курс студенттерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында студенттер «Болашақ» стипендиясының талаптарымен, Бостон университетінің ерекшелігімен танысып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

Басылым күні : 19.04.2023






