«Діни құндылықтар» тақырыбында ашық дәріс сабақ
30-наурыз күні Философия және саясаттану факультетінің «6М020600-дінтану» мамандығының 1-курс магистранты Турысбекова Диана «6В02203-дінтану»» мамандығының 2-курс студенттеріне «Діни құндылықтар» тақырыбында ашық дәріс сабақ өткізді. «Діни құндылықтар» тақырыбы аясында діни наным сенімнің қалыптасуынан бастап, дәстүрлі конфессиялардың діни құндылықтары талқыланды. Дәріс барысында мәдениет пен діни құндылықтардың бір-бірінен бөлінбей астасып өмір сүретіндігі айтылды. Халықтың салт-дәстүрлері діни құндылықтардан бөлінбейді, себебі дін жергілікті халықтың өмір сүру салтына, дағдысына өз ықпалын тигізеді. Дәрісте адамның моральды, этикалы, мәдени құндылықтары талқыланды.

Басылым күні : 19.04.2023






