«Діншілдік ұғымы» атты ашық дәріс сабағы
6-наурызда педагогикалық тәжірибе аясында «7М02203-дінтану» мамандығының 1-курс магистранты Сайлау Тоғжан Жұмабекқызы, заң ғылымдарының кандидаты, профессор Бишманов Какимжан Муратжанович және философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Кантарбаева Жанна Орынбасарқызы жетекшілігімен «6B02203-дінтану» мамандығының 2-курс студенттеріне «Діншілдік ұғымы» атты ашық дәріс сабағын өткізді. Студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында, әлемнің жаратылуына байланысты әйгілі суретшілердің туындыларынан мысалдар келтірілді. Студенттерге дәріс түсінікті әрі мазмұнды болды.

Басылым күні : 18.04.2023






