«Әлемдік мәдениет тарихындағы аңыз бен рәміз түсініктерінің қалыптасуы» тақырыбында ашық дәріс сабағы
24 наурыз күні «8D03102-мәдениеттану» мамандығының 1-курс докторанты Исламбеков Ә.Б. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы философия ғылымдарының кандидаты Аликбаева М.Б. жетекшілігімен «6В03102-мәдениеттану» мамандығының 2-курс студенттеріне «семиотика» пәнінен «Әлемдік мәдениет тарихындағы аңыз бен рәміз түсініктерінің қалыптасуы» тақырыбында ашық дәріс сабағын өткізді. Ашық дәріс сабағына кафедра оқытушылары, докторанттар мен магистранттар қатысты.
Сабақ барысында оқытудың озық әдіс тәсілдерімен қатар, түрлі технологиялар мен болашақ мамандардың бойында кәсіби құзыреттілікті, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған тәсілдер, жаттығулар, кейстер, интеллектуалды ойындар қолданылды. Студенттер өз ойларын еркін жеткізіп, пікір алмасты. Сонымен қатар сабақ соңында студенттермен кері байланыс орнатылып, болашақта аталмыш тақырып аясында студенттердің қызықтыратын сұрақтары мен бағыттары айқындалды. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейді өтті.







