«Күнделікті өмірдегі дін» атты көрме
4-сәуір күні «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында дінтану және мәдениеттану кафедрасы дінтану мамандығының 1-курс студенттерімен ұйымдастырған, «Күнделікті өмірдегі дін» атты көрме өткізді. Аталған іс-шарада «Заманауи фетиштері» «Күнделікті өмірдегі діни көшбасшылар», «Діни мерекелер», «XXI ғасырдағы дін» «Дін және кино» секілді тақырыптар қорғалды.
«Күнделікті өмірдегі дін» көрмесінде – ХХІ ғасырдағы адам өмірінің діни қуаты және ежелгі діни-наным сенімдері мен көптеген ғалымдардың дінге қосқан жетістіктері паш етілді.
Н.Ә.Назарбаев: «Діннің тұтастығы – елдің тұтастығы: діни алауыздық ұлттық алауыздыққа апарып соқтырады» - деп мемлекет дамуындағы діннің атқаратын рөлінің ерекше екендігін айтқан болатын. «Күнделікті өмірдегі дін» атты көрме ерекше тақырыптарды қамтыған маңызды іс-шара болды.
жетекшілері: аға оқытушы, PhD Мұқан Нұрзат, Есекеева А.Ф







