«Жаратылыстану және Інжіл» атты ашық дәріс сабағы

6-наурызда педагогикалық тәжірибе аясында «7М02203-дінтану» мамандығының 1-курс магистранты Шалкарова Айша Садуакасқызы Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Байтенова Нағима Жаулыбайқызының және PhD, аға оқытушы Мұқан Нұрзат жетекшілігімен «6B02203-дінтану» мамандығының 3-курс студенттеріне «Жаратылыстану және Інжіл» атты ашық дәріс сабағын өткізді. Студенттердің қызығушылығын арттыру мақсатында, әлемнің жаратылуына байланысты әйгілі суретшілердің туындыларынан мысалдар келтірілді. Студенттерге дәріс түсінікті әрі мазмұнды болды.

Басылым күні :  10.04.2023