«Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру» тақырыбында іс-шара

31-наурыз күні «8D03102-мәдениеттану» мамандығының докторанттары Исламбеков А.Б. және Магзумов М.М. қатысуымен дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушылары филос.ғ.к. Аликбаева М.Б., Мұханбет А.А. жетекшілігімен Тұрақты даму мақсатының 3-бағыты бойынша ұйымдастырылған іс-шаралары аясында Тарих факультеті Тарих мамандығының 1-курс студенттерімен Қазақ қолөнер орталығына барып «Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру" тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шарада қазақтың ұмыт бола бастаған қолөнерін насихаттау мақсатында қызықты ақпараттар алып, қолөнер мәдениеті тарихымен танысып, шебер Бабашов Даниярдың нұсқаулығымен қолдан құмыра жасап, шеберліктерін шыңдады. Студенттердің шеберлік сағатынан алған әсерлері өте жоғары болды.

Басылым күні :  10.04.2023