«Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясының секциясы
7-cәуір күні Философия және саясаттану факультетінде жас ғалымдар мен студенттердің «Фараби әлемі» атты халықаралық конференциясы өтті. Философия және саясаттану факультеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы «Сакралды мәтіндердің тілі: теолингвистиканың социомәдени аспектісі» және «Қазіргі әлемдегі тіл және мәдениетаралық коммуникация» секциясы жұмыс жүргізді.

Конференцияға Қазақстан Республикасының және жақын, алыс шет ел студенттері, магистранттар, докторанттар және жас ғалымдар қатысты.
Конференцияның негізгі мақсаты мен міндеттері: студенттерді оқу-танымдық қызмет пен ғылыми зерттеу жұмыстарына ынталандыру; студенттер мен жас ғалымдарды замануи ғылыми мәселелерді шешуге тарту; дарынды, талантты студенттерге қолдау көрсету және шығармашылық қабілеттерін ашу; жас ғалымдардың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға қолдау көрсету болатын.
«Сакралды мәтіндердің тілі: теолингвистиканың социомәдени аспектісі» секциясын PhD, аға оқытушы Сәрсембаев Руслан Мейіржанұлы және «Қазіргі әлемдегі тіл және мәдениетаралық коммуникация» секциясына оқытушы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы ұйымдастырып, ғылыми алаңға философия ғылымының докторы, профессор Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы модераторлық етті. Іс-шараға 30 үміткер жұмысын қорғады. Жиын соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, үздіктерге 1,2,3 дәрежелі орындар берілді.






