Халықаралық Фараби форумының жабылуы салтанаты

5-сәуір күні Әл-Фараби кітапханасының 409 конференц-залында Халықаралық Әл-Фараби орталығының 30 жылдығына арналған «Тіл философиясы және Әбу Насыр әл-Фараби философиясының тілі» атты халықаралық Фараби форумы өз жұмысын қорытындылады.

Халықаралық Фараби форумының жабылуы салтанатында халықаралық философиялық эсселер байқауының, «Қазақ философиясының өзектілігі» халықаралық бейнероликтер байқауының жеңімпаздары марапатталып, форумға белсенді қатысқандарға сертификаттар табысталды. Іс-шара соңында форумның қарары (резолюция) қабылданды.


Басылым күні :  08.04.2023