Халықаралық деңгейде 17 мақсаттан тұратын «ТҰРАҚТЫ ДАМУ МАҚСАТТАРЫ» (ТДМ) соның ішіндегі 4-ші мақсаты «САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ» бойынша өткізілген іс-шара

2023 жылдың сәуір айының 4-5 жұлдызында өткен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Әл-Фараби халықаралық орталығының 30 жылдығына арналған «Тіл философиясы және Әбу Насыр Әл-Фараби философиясының тілі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясында, ЮНЕСКО Алматы кеңсесінің тренер-кеңесшісі, TEACHERSLAB ЖШС-нің бас директоры, сертификатталған жоба менеджері PhD докторы, сыни ойлау, дизайн және жүйелік ойлау саласындағы тәжірибелі маман Зейнолла Сауле Жанатқызы 17 мақсаттан тұратын тұрақты даму мақсаттары бойынша қозғап, соның ішінде 4-ші мақсат «САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ» бойынша «Тұрақты даму мақсатында білім беру: болашағы мен мүмкіндіктері» атты тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Дөңгелек үстелдің мақсаты: бұл кедейлікті жоюға, теңсіздік пен әділетсіздікке қарсы тұруға, жер шарын қорғауға және барлық адамдар үшін бейбітшілік пен гүлденуді қамтамасыз етуге бағытталған әлемде қабылданған мақсаттар. Қазақстан Республикасының дамуының экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси аспектілерін баланста ұстау өмір сапасын жоғарылату мен еліміздің ұзақ мерзімдік бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету негізі ретінде. 2030 жылға дейін 17 негізгі бағыттар таңдалды, олардың жүзеге асырылуы елді өмірдің барлық негізгі салаларының тұрақты дамуына және осы әлемдегі әрбір адамға қатысты жаһандық мәселелерді шешуге жетелейді. 4-мақсаты «САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУ» яғни барлығын қамтитын және әділ сапалы білім беруді және өмір бойы білім алу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз ету жөнінде түсіндіру

Қатысушылар: Тұрамбетов Нұрилла Кеунимжайұлы, PhD, Өзбекстанның Халықаралық ислам академиясы, «ЮНЕСКО-ның дінтану және әлемдік діндерді салыстырмалы зерттеу» кафедрасының оқытушысы, Исакжанов Рамзжон Рахимжанұлы, PhD, Өзбекстанның Халықаралық ислам академиясы, «ЮНЕСКО-ның дінтану және әлемдік діндерді салыстырмалы зерттеу» кафедрасының доцент м.а., Абдуллаева Мохира Захиджанқызы, PhD, Өзбекстанның Халықаралық ислам академиясы, «ЮНЕСКО-ның дінтану және әлемдік діндерді салыстырмалы зерттеу» кафедрасының доцент м.а., Құрманалиева Айнұр Дүрбеленқызы, филос.ғ.д., профессор, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушылар құрамы мен докторанттары мен магистранттары қатысты.

Ұйымдастырушылар: философия және саясаттану факультеті, оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы деканның орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Омирбекова А.О., дінтану және мәдениеттану кафедрасының филос.ғ.д., профессор Абишева А.К., дінтану және мәдениеттану кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, PhD докторы Каупенбаева С.М. және мәдениеттану мамандығының 1-курс докторанттары Есболова М.А., Сариева П.М.

Басылым күні :  07.04.2023