«Пластикалық хирургия мәдениеті, эстетикалық индустрияның дамуы» атты тақырыпта ашық семинар

2023 жылдың 30-наурыз күні педагогикалық тәжірибе аясында «7М02203-дінтану» мамандығының 1-курс магистранты Қасымхан Дилнар Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызының жетекшілігімен «6B03102-мәдениеттану» мамандығының 3-курс студенттерімен «Пластикалық хирургия мәдениеті, эстетикалық индустрияның дамуы» атты тақырыпта ашық семинар өткізілді. Семинар барысында студенттер пластикалық хирургия мәдениетіне тоқталып, эстетикалық индустрияның дамуы кезеңдеріне тоқталды. Семинар қызықты, жаңа ақпараттарға толы болды.

Басылым күні :  03.04.2023