«Нәзік жанның сыры» атты сурет көрмесі
2023 жылдың 25-наурыз күні педагогикалық тәжірибе аясында «7М02203-дінтану» мамандығының 1-курс магистрантанты Қасымхан Дилнар, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызының жетекшілігімен тәрбиелік іс-шара ұйымдастырып, «6B03102-мәдениеттану» мамандығының 3-курс студенттерімен бірге Алматы қаласындағы «Almaty Gallery» орталығында болған Рауза Ералиеваның «Нәзік жанның сыры» атты сурет көрмесіне барды. Раузаның Ералиеваның живописінен студенттер өзіндік әсер алып, импрессионизм тұжырымдамасымен тілдескендей болды. Сонымен қоса студенттер суретшінің жұмыстарынан заттардың, персонаждардың және құбылыстардың қанықтығы, конструктивті көріністері және композиция динамикасы тән екенін байқады. Сурет көрмесі қызықты, жаңа ақпараттарға толы болды.







