«Заманауи мәдениет жағдайында адам денесін өзгертуге арналған косметикалық тәжірибе» атты тақырыпта ашық лекция

2023 жылдың 30-наурыз күні педагогикалық тәжірибе аясында «7М02203-дінтану» мамандығының 1-курс магистранты Қасымхан Дилнар Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы, PhD докторы Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызының жетекшілігімен «6B03102-мәдениеттану» мамандығының 3-курс студенттерімен «Заманауи мәдениет жағдайында адам денесін өзгертуге арналған косметикалық тәжірибе» атты тақырыпта ашық лекция өткізілді. Адамның дене бітімін өзгертуге бағытталған түрлі косметикалық тәжиірбелер жасалған. Ашық лекция барсында әлемдік ірі косметика өндіруші компаниялардың косметикалық тәжиірбелеріне сүйене отырып, салыстырмалы түрде өткізілді. Ашық сабақ барысында студенттерге тақырып бойынша презентация таныстырылып, бейнеролик көрсетіліп, лекция соңында сұрақ-жауап алынды. Студенттермен кері байланыс орнатылып тақырып бойынша да сұхбат жүргізілді.

Басылым күні :  03.04.2023