«Қош келдің, Әз наурыз!» атты ашық тәрбие сағаты

2023 жылы 28 наурызда «Мәдениеттану» мамандығының 1-курс магистрантымен Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамына арналған педагогикалық практика аясында «Қош келдің, Әз Наурыз!» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Ашық тәрбие сағатының мақсаты: Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы жөнінде толық түсінік бере отырып, оның терең тарихын талқылап, маңыздылығын ашып көрсету арқылы ұлттық мейрамымызға құрмет сезімін оятып, ұлтжандылыққа баулу.

Көрнекілігі: презентация, сұрақтар, сауалнама.

Қатысушылар: Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының психология ғылымдарының докторы, профессор Бердібаева Света Қыдырбеккқызы, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Кудайбергенова Алия Маликовна, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының философия ғылымдарының докторы, профессор Абишева Алия Кажимуратовна

Ұйымдастырушы: “6D020400 - Мәдениеттану” мамандығының 1-курс докторанты П.М. Сариева.

Басылым күні :  31.03.2023