«Көшпелі мәдениеттердің экологиялық санасы мен дүниетанымы» тақырыбы бойынша ашық семинар
2023 жылдың 7 наурызында Мәдениеттану мамандығының 1 курс магистрантымен «Көшпелі мәдениеттердің экологиялық санасы мен дүниетанымы» тақырыбы бойынша ашық семинар өткізілді.
Ашық семинардың мақсаты: магистрантты «көшпелілердің экологиялық мәдениеті» ұғымының ерекшеліктерімен таныстырып, оның көшпелілердің дәстүрлі мәдениеті құрылымындағы орнын анықтау; магистранттың танымдық саласын және аналитикалық ойлау жүйесін дамыту; «көшпелілердің дәстүрлі мәдениеті» мен «көшпелілердің экологиялық мәдениеті» ұғымдарының мазмұнын ашу, магистранттың мәдени талдау дағдыларын дамыту.
Көрнекілігі: проектор, презентация (слайд-шоу), карталар, кестелер
Ұйымдастырушы: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының 1 курс докторанты П.М. Сариева.

Басылым күні : 31.03.2023






