Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери-тарихи мұражайының көшпелі көрмесі
2023 жылдың 29 наурызында педагогикалық іс-тәжірибе аясында «7М02203 – Дінтану» мамандығының 1 курс магистранттары Тайжанова Гаухар, Асан Арман, Досжанов Дидар «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының аға оқытушыларының Карыбаева Айнур Несібекқызы мен Берікбаев Елнар Ғалымжанұлы жетекшілігімен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Мемлекеттік әскери-тарихи мұражайымен бірлесіп танымдық іс-шара ұйымдастырды. Көрме мұғалімдерге, студенттерге және қонақтарға ұсынылды. Шара барысында студенттер сұрақтар қойып, мұражай қызметкерлерімен қызу әңгіме өрбітті. Әңгіме мазмұнды болды және жылы атмосферада өтті.
Басылым күні : 31.03.2023






