Дін мен дәстүр сабақтастығы – ұлттық құндылықтар үндестігі
01.03. 2023 ж. «Дінтану» мамандығының 4-курс студенттері куратор-эдвайзері Қаңтарбаева Жанна Уринбасаровнаның ұйымдастыруымен № 9 студенттер үйінде «Дін мен дәстүр сабақтастығы – ұлттық құндылықтар үндестігі» тақырыбында шара өткізді. Студенттер өз ойларын білдіріп, қазіргі замандағы қазақстандық қоғамдағы деструктивтік, радикалды діни топтар ықпалынан болып жатқан дәстүрлі құндылықтарды терістеу мәселесі және дін мен дәстүр сабақтастығының маңыздылығы жайлы өз ойларын білдіріп, мақал-мәтелдер жарысына қатысты.

Басылым күні : 31.03.2023






