Қош келдің – әз Наурыз!

Наурыз айының 16 күні куратор-эдвайзер Әлтаева Нұрсұлу Сауранбекқызы мен Исламтану мамандығының 3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Қош келдің – әз Наурыз» тақырыбында ашық эдвайзерлік сабағы өтті. Сабақтың мақсаты – студенттерге қазақ халқының ұлы мерекесі Наурыз мейрамы туралы білім беру және халқымыздың салт - дәстүрін дәріптеу, сол арқылы оларды адамгершілікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сабақ барысында Наурыз мейрамы туралы қызықты мәліметтер айтылып, қазақтың салт-дәстүрлері туралы ойын ойнатылды. Сабақ соңында келген қонақтарға наурыз көже беріліп, қазақи дастархан жайылды.

Басылым күні :  31.03.2023