Инновациялық «100 кітап» жобасы аясында бірнеше оқулықтың талқылауы өтті

 

27-наурызда «6D020400-мәдениеттану» мамандығының 1-курс докторанты Қ.Д. Нарымбаев педагогикалық практиканың ғылыми жетекшісі З.Н. Исмагамбетованың нұсқауымен «7М03106-мәдениеттану» 1-курс мамандығының магистранттарына «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» инновациялық жоба аясында ашық іс-шара өткізді. Өткізілген іс-шара барысында магистранттармен «Антропология тарихы мен теориясы», «Антика философиясы», «Орта ғасыр философиясы», «Философияның қысқаша тарихы» оқулықтары таныстырылып насихатталды. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Сондықтан, заманға сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұр.

Басылым күні :  28.03.2023