«Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты кітабын талқылау

20-наурызда «7М2203-дінтану» мамандығының 1-курс магистранттарымен педагогикалық практика аясында инновациялық «100 кітап» жобасы аясында Британдық философ, публицист, дінтанушы Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты кітабы әлемнің 30-дан астам тіліне аударылып, миллиондаған таралыммен шыққан, дінтанудағы аса көрнекті еңбектің бірі. Кітаптың қазақша аудармасы талқыланды.

Жобаның мақсаты: Еуропалық деңгейдегі «Құдайтану» түсінігінің қазақ тілінде жарық көруі Еуропадағы исламдық және христиандық іліммен жете танысуға мүмкіндік беретінін талқылау.

Мұны қазақ тіліне аударылуға тиісті бірден-бір оқулық деп айтуға қиындау. Дегенмен бұл осы саладағы іргелі еңбектердің ішінен іріктеп алынған. Оқулықты саланың білікті мамандары аударғаны көрініп тұр, тілі жатық, сөйлемдері ойға қонымды. Аударушылары осы салада ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, нағыз маманға айналған білгірлер, яғни ғылым докторы, кандидаттар. Сондықтан олардың бұл саланың қыр-сырын білетін, түйткілді мәселелерін жақсы түсінетін маман екендігіне еш күмән келтіре алмаймыз

Көрнекілігі: презентация, кітаптар

Ұйымдастырушы: «8D02204 – исламтану» мамандығының 1-курс докторанты Мұқан Ә.Б

Басылым күні :  28.03.2023