«Діни тұтастық мемлекет қауіпсіздігі кепілі» дөңгелек үстел
17-наурызда педагогикалық тәжірибеден өту кезеңінде «Тұрақты даму» бағдарламасы аясында 4-мақсат «Сапалы білім беру» бағытына негізделген «8D02204-исламтану» және «8D02203-дінтану» мамандықтарының 1-курс докторанттары Шаңбаева А.Н., Мұқан А.Б., Болатжан Ә,Н., және дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушылары Қаңтарбаева Ж.О, Карыбаева А.Н., профессор Борбасова Қ.М., профессор Бишманов К.М., ұйымдастыруымен саяси ғылымдар докторы, профессор Борбасов Сайын Молдағалиұлы қатысуымен «Діни тұтастық мемлекет қауіпсіздігі кепілі» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында қазіргі қоғамдағы діни тұтастықтың маңыздылығы, діни сауаттылықты дұрыс қалыптастыру сөз болды, профессор Борбасов Сайын Молдағалиұлы тақырып аясында баяндама жасап, студенттердің сұрақтарына жауап берді. Дөңгелек үстелге «6В02203-дінтану» мамандығының 3-курс студенттері, «7М02203-дінтану» мамандығының 1-курс магистранттары, докторанттар мен кафедра оқытушылары қатысты.







