«Наурыз – жыл басы» атты ашық тәрбие сабағы
24-наурызда 6В02203-дінтану мамандығының 3-курс студенттері және 7М02203-дінтану мамандығының 1-курс магистранттары арасында «Наурыз – жыл басы» атты ашық тәрбие сабағы өткізілді.
Ашық тәрбие сабағының мақсаты: қазақ халқының ұлы мерекесі наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеумен қатар Ұлыстың ұлы күні наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету, студенттерді елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: презентация, викориналық сұрақтар, ұлттық тағамдар, ұлттық киімдер
Қатысушылар: Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының психология ғылымдарының докторы, профессор Бердібаева Света Қыдырбеккқызы, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Кудайбергенова Алия Маликовна, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Каупенбаева Самал Мұхаметәліқызы
Ұйымдастырушы: «8D02204-исламтану» және «8D02203-дінтану» мамандығының 1-курс докторанттары







