«Тхеравада (хинаяна) буддизм ережелері. Трипитака» атты ашық дәріс және семинар сабағы

16 наурызда «7М02203-дінтану» мамандығының 1-курс магистранттарымен жоспарға сәйкес «Тхеравада (хинаяна) буддизм ережелері. Трипитака» атты ашық дәріс және семинар сабағы өткізілді.

Ашық сабағының мақсаты: магистранттармен Буддизм ілімі, пайда болуы, таралуы, негізгі тармақтарымен таныстыру, зерттеулерге шолу жасау. Семинар сабақта студенттердің берілген тақырыпты топ ішінде талқылап, әр түрлі тәсілдермен топтық жұмыс жасау үшін, өз жұмысы туралы топқа ақпарат беріп, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту, «Броундық қозғалыс», жекелеген тапсырмалар сын тұрғысынан ойлау қабілетін жетілдіру мақсатында американдық профессор Элиот Аронсонның «Джигсо» әдісін пайдаланды.

Көрнекілігі: презентация, проектор, постерлер, маркерлер, сауалнама, викториналық сұрақтар.

Ұйымдастырушы: 8D02204-исламтану мамандығының 1-курс докторанты Ә.Б. Мұқан


Басылым күні :  27.03.2023