«Ақиқат пен аңыз» атты кітабын талқылау
20 наурызда «6В03102-мәдениеттану» мамандығының 2-курс студенттерімен педагогикалық практика аясында инновациялық жобалар шеңберінде тәрбие іс-шарасын ұйымдастыру, «Азаматтық ізгі қоғамды қалыптастыру» «Айналаңды нұрландыр» «100 кітап» жобасы аясында Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» атты кітабы талқыланды.
Бұл шығармада Ұлы отан соғысының даңқты каһарманы, гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының азаматтық, ерлік тұлғасын мүсінделеді. Баукеңнің сонау балауса жастық шағынан бері, Кеңес армиясының үздік мектебінде шыңдалу кезіңіне, Ұлы отан соғысының отты жылдарынан бастап күні бүгінге дейінгі ұлағатты өмір жолын шынайы фактілер аясында қызғылықты баяндайды. Романның жазылу формасы да ерекше: бүкіл оқиға автор мен кейіпкердің диалогы арқылы өтеді.
Жобаның мақсаты: Бауыржан Момышұлының қаһармандық және азаматтық бейнесі арқылы студенттерді батырлыққа, отаншылдыққа, адалдыққа тәрбиелеу.
«Кеңес Одағының Батыры, патриоттық сезімнің иесі, ержүректілігімен ел есінде мәңгі сақталатын Бауыржан Момышұлы туралы және нағыз қазақ халқының бірден-бір батыры саналатын тұлғаны осы бір жас ұрпақтың жадында мәңгі өшпейтіндей етіп сақтаумен қатар тәртіп адамзаттың жарқын болашағы екенін ұғындыру.
Бауыржан Момышұлы – қазақтың басына қонған бағы. Нағыз жастарға үлгі боларлық биік, аңыз тұлға.
Көрнекілігі: презентация, кітаптар
Ұйымдастырушы: «6D020400-мәдениеттану» мамандығының 1-курс докторанты Есболова М.А.







