«Қош келдің, құтты Наурызым» атты тәрбиелік ашық сағат

20 наурызда «6В03102-мәдениеттану» мамандығының 2-курс студенттерімен Ұлыстың күні Наурыз мерекесіне арналған педагогикалық практика аясында «Қош келдің, құтты Наурызым!» атты тәрбиелік ашық сабағын өткізді.

Ашық тәрбие сабағының мақсаты:: қазақ халқының ұлы мерекесі наурыз мейрамы жөнінде түсінік бере отырып, халқымыздың салт – дәстүрін бойларына дарыту арқылы, шынайылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеумен қатар  Ұлыстың ұлы күні  наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін  ашып көрсету, студенттерді елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге, бойларына адамгершілік жақсы қасиеттерді сіңіре білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: презентация, викориналық сұрақтар, сауалнама.

Қатысушылар: Жалпы және қолданбалы психология кафедрасының психология ғылымдарының докторы, профессор Бердібаева Света Қыдырбеккқызы, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы Кудайбергенова Алия Маликовна, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Каупенбаева Самал Мұхаметәліқызы

Ұйымдастырушы: 6D020400-мәдениеттану мамандығының 1-курс докторанты                 М.А. Есболова.

Басылым күні :  21.03.2023