«Отырықшы мәдениеттердің экологиялық санасы мен дүниетанымы» тақырыбы бойынша ашық дәріс сабағы
7-наурызда «7M03106-мәдениеттану» мамандығының 1-курс магистрантымен «Отырықшы мәдениеттердің экологиялық санасы мен дүниетанымы» атты ашық дәріс сабағы өткізілді.
Ашық дәрістің мақсаты: «Отырықшылардың экологиялық мәдениеті» ұғымының ерекшеліктерімен таныстырып, оның отырықшылардың дәстүрлі мәдениеті құрылымындағы орнын анықтау, «отырықшылардың дәстүрлі мәдениеті» мен «отырықшылардың экологиялық мәдениеті» ұғымдарының мазмұнын ашу, мәдени талдау дағдыларын дамыту; магистранттың танымдық саласын және аналитикалық ойлау жүйелерін дамыту.
Көрнекілігі: презентация (слайд-шоу)
Ұйымдастырушы: «6D020400-мәдениеттану» 1-курс докторанты П.М. Сариева.
Басылым күні : 21.03.2023






