Инновациялық жоба аясындағы іс-шара
17-наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті «6В03102-мәдениеттану» мамандығының 4-курс студенті Тұрлыбаева Ж.Т. педагогикалық іс-тәжірибе аясында ҚазҰУ колледжі «Құқықтану» мамандығының 1-курс студенттеріне «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында «Айналаңды нұрландыр», «Green campus», «100 кітап», «Тәні саудың-жаны сау» тақырыбында ашық іс-шара өткізді.
Практика жетекшісі: Абишева А.К.

Басылым күні : 17.03.2023






