«Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы» атты инновациялық жобасына тәрбие сағаты
15 наурызда педагогикалық практика аясында ҚазҰУ Бейіндік мектебінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сынып оқушыларына Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, «6B03102-мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Ауғамбаева Алма «Азаматтық қоғам түсінігі және жалпы сипаттамасы» атты инновациялық жобасына тәрбие сағатын өткізді. Дәріс-визуализация көрсетілген көрнекі материалдарға, эвристикалық әңгіме элементтеріне түсініктеме бере отырып, материалды бейнетехнологиялар арқылы көрнекі түрде көрсетуді қамтиды. Сабақ сәтті өтті, алға қойған мақсат, міндеттер орындалды. Бұл сабақ студенттердің зерттелетін пән бойынша білімдерін кеңейтуге, танымдық және аналитикалық өрістерін дамытуға көмектесті.
Практика жетекшісі: Абишева А.К.

Басылым күні : 17.03.2023






