«100 кітап» атты инновациялық жобасына тәрбие сағаты

9 наурызда дінтану және мәдениеттану кафедрасы, педагогикалық практика барысында «6В03102-мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенттері Мұхтар Мөлдір және Жанайбек Мадина ҚазҰУ колледжінің «құқықтану» тобы студенттеріне «100 кітап» атты инновациялық жобасы аясында тәрбие сағатын өтті. Аталған іс-шарада студенттер өз елінің тарихын, мәдениетін, рухани құндылықтарын терең меңгерген, әлеуеті биік, мәдениеті жоғары, көзі ашық, көкірегі ояу маман қалыптастыру үшін жастарды кітап оқуға үндеуді күн тәртібіне қойды.

 

Басылым күні :  17.03.2023