«Адам және мәдениет» тақырыбында ашық дәріс сабағы

6-наурыз күні педагогикалық практикасы аясында шығыстану факультеті 535-аудиторияда шығыстану мамандығының 1-курс студенттеріне «Адам және мәдениет» тақырыбында ашық дәріс сабағы өтті

Ашық дәріс сабағына Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің шетел филологиясы кафедрасының оқытушысы Базарбекова Салтанат Болатбековна және Сулейман Демирел атындағы университетінің құқық және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының халықаралық қатынастар және дипломатия мамандығының 3-курс студенттері келіп қатысты

Дәріс барысында мәдениет - жеке адамның өзіне тән қасиеттерінен басталып, дүниетаным, ұлттық менталитетті, ұлттық сана, салт-дәстүр, рухани-материалдық байлықтың бәрін қамтитын күрделі ұғым ретінде әрі мәдениетті жасайтын және оны тұтынатын да ең қымбаты жаратылыс – адам, оның тұлғалық дамуы мен заманауи кемелденуі жайында қызықты пікір алмасулармен өтті.    

   Бұл жолда қорғаған авторлық жоба-презентация тартымды әрі қызықты, ауқымды танымдық-ақпараттары қамтылған және интеллектуалды диалогтармен ерекшеленді. Біліммен бөлісу, сөзіңмен, ісіңмен тәрбиелеу, жауапкершілікті мойныңа алу, ұстаздықтың мәртебесіне көтерілу-керемет сезім!

 

Ұйымдастырушылар: Кудерина Айжан Нурхамитовна

Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы

 

Шантемисов Ермек Берикулы

«7M02203-дінтану» мамандығының 1-курс магистранты

Басылым күні :  16.03.2023