«Логоцентризм» атты ашық семинар сабағы
2023 жылы 15-наурызда «6D020400-мәдениеттану» мамандығының 1-курс докторанты Қ.Д. Нарымбаев педагогикалық практиканың ғылыми жетекшісі З.Н. Исмагамбетованың қатысуымен педагогикалық практика аясында мәдениеттану мамандығының 1 курс магистранттарына «Логоцентризм» атты ашық семинар сабағын өткізді.

Ашық семинар сабағы «Tarsia» әдісі арқылы өтті. Ашық семинар сабағының мақсаты- логоцентризм ұғымының пайда болуы мен таралу ерекшеліктерін талдай отырып, білім алушыларға мәдени сыни тұрғыда жеткізу. Антика дүниесінен бастау алған бұл ұғым орта ғасыр христиан өркенитінен көрініс тауып, қазіргі батыс өркениетімізден жалғасын тауып келеді. Постмодернизм өкілдері бұл ұғымды сыни көзбен қарап өз тұжырымдамаларын жасады. Ашық дәріс сабағы бойынша логоцентризм ұғымы талданып, негізгі күштері анықталды. Ашық сабақ барысында магистранттарға тақырып бойынша презентация таныстырылып, бейнеролик көрсетіліп, сабақ соңында «tarsia» әдісі бойынша графиктік сұрақ-жауап алынды. Магистранттармен кері байланыс орнатылып тақырып бойынша да сұхбат жүргізілді.







