«Құрметтейік қарттарды» тақырыбына ашық сабақ

15.03.2023 жылы сағ. 09:40-10:25 аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасы 6В03102-мәдениеттану мамандығының 4-курс студенттері Алимхан Айдана мен Садуақас Нұрсара "Айналаңды нұрландыр" жобасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бейіндік мектебінде 9Б ФМ-2 сыныбына «Құрметтейік қарттарды» тақырыбына ашық сабақ өтті. Ашық сабаққа зайырлылық және дінтану негіздері пәнінің жетекшісі, PhD докторант Алпысбай Марғулан Айболұлы бағыт-бағдар беріп, сабаққа толықтай қатысты.

Басылым күні :  15.03.2023