«100 кітап» инновациялық жобасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебінде тәрбиелік іс-шара
2023 жылдың 2-наурызда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6B03102-мәдениеттану» мамандығының 4-курс студенттері Назархан Мадина мен Куанова Анель ұйымдастыруымен педагогикалық практиканың жетекшісі Абишева А.К. Ғылыми жетекші: Каупенбаева С. қатысуымен университеттің «100 кітап» инновациялық жобасы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебінде тәрбиелік іс-шара өткізді.
«100 кітап» жобаның мақсаты - оқушыларға қазақ әдебиетінің, әлем классикасының алтын қорындағы аса құнды шығармаларды оқыту, сол туындылардың рухани маңыздылығын жеткізу.
Жоба аясында мектепте 100 кітап тізімі әзірленді. Аталған тізімге қазақ әдебиетінің, әлем әдебиетінің классикасы қамтылды. Жалпы, әр туындыны өзінің түпнұсқа тілінде оқу ұсынылды.
Таңдалған шығармалар желісімен оқушылар оқып шыққан кітабы бойынша өздері салған суреттерден электронды кітапқа иллюстрация жасады, шығармалардың аудио нұсқаларын дайындады. Оқушылар кітап оқу барысында «Көркем әдебиетті оқу» күнделігін жүргізді. Кейбір шағын шығармаларды оқушылар өз дауысымен жазып, электронды және аудио кітаптарды www.iKitap.kz арқылы тегін таратты. Жоба аясында оқушылар «iBooks Author» бағдарламасын игеріп, өзі электронды кітап жасап үйренді.







