«Айналаңды нұрландыр» атты инновациялық жобасына тәрбие сағаты

2023 жылдың 1 наурызында сабақ кестесі бойынша сағат 9:40-та «ҚазҰУ, Бейіндік мектебінің» 9а қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сынып оқушыларына Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, «6B03102-мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Алмаханова Назерке педагогикалық практика бойынша «Айналаңды нұрландыр» атты инновациялық жобасына тәрбие сағатын өткізді. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы, оқытушы Карменов Қанат Шеризатович дәрісті оқуын, дәрістің мақсаты мен міндеттерін түсіндіруін, сонымен қатар аудиторияны   толығымен қадағалап отырды. Тәрбие сағаты барысында студент волонтерлік жобалардың, сонымен қатар тарихи ескерткіштердің сақталуының маңыздылығын дәріптеді.

Ғылыми жетекші: кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, аға оқытушы Каупенбаева Самал Мухаметалиевна.

Басылым күні :  14.03.2023