«100 кітап» атты инновациялық жобасына тәрбие сағаты
2023 жылдың 6 наурызда сабақ кестесі бойынша сағат 10:30-да «ҚазҰУ бейіндік мектебінің» 10а қоғамдық-гумантарлық бағыттағы сынып оқушыларына дінтану және мәдениеттану кафедрасы, «6B03102-мәдениеттану» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Шарафутдинова Анель педагогикалық практика бойынша «100 кітап» атты инновациялық жобасына тәрбие сағатын өткізді. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы Құдайбергенов Серғазы Ережепұлы, мектеп мұғалімі Карменов Қанат Шеризатович дәрісті оқуын, дәрістің мақсаты мен міндеттерін түсіндіруін, сонымен қатар аудиторияны толығымен қадағалап отырды. Тәрбие сағаты барысында студент Ғ.Мүсірепов «Ананың анасы», Мұхтар Әуезов «Жетімдер», М.Әуезов «Қорғансыздың күні» шығармаларының мазмұнын ашып талдады.
Ғылыми жетекші: Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Исмагамбетова Зухра Нурлановна







