Студенттер «ашық есік күні» іс-шарасына қатысты

2023 жылдың 24 ақпан күні «6B03102-мәдениеттану» мамандығының 4-курс студенттері мектеп бітірушілеріне арналған «Ашық есік күні» іс-шарасына қатысты. Іс шара бағдарламасының басты бағыттарында: университетпен танысу айдары; «Әл-Фараби және қазіргі заман» интеллектуалды викторина, «Болашақ мамандықтың түрін анықтау» тесті (QR код арқылы), университет базасымен таныстыру экскурсиясы, жазушы-этнограф және қоғам қайраткері Зейнеп Ахметовамен кездесу.

Мақсаты: Философия және саясаттану факультетінің кәсіби қызметтері туралы жаңа мәліметпен, тәжірибемен таныстыру.

Басылым күні :  14.03.2023