«Тәні саудың жаны сау» атты инновациялық жобасы аясында іс-шара

10-наурызда Философия және саясаттану факультеті «6B03102-мәдениеттану» мамандығының 4-курс студенті Конарбаева Мая ғылыми жетекшісі Құдайбергенов С.Е. қатысуымен университеттің «Тәні саудың жаны сау» атты инновациялық жобасының аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бейіндік мектебінде тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс – шарада оқушылар денсаулықтың маңызы мен салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттілігі туралы ақпараттар алды. Бұл тақырыптың басты мақсаты: Оқушыларды салауатты өмір сүре білуге, адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі дерттерден сақ болуға, одан қорғана білуге, қоғамға, адам ағзасына темекінің, алкогольдің теріс әсері туралы түсінік бере отырып тәрбиелеу.

Басылым күні :  14.03.2023