«Жалпы мәдени құндылықтар жүйесіндегі дене шынықтыру мәдениеті» тақырыбында сынып сағаты

 

2023 жылы 28-ақпанда ҚазҰУ бейіндік мектебінде, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінде «Тәні саудың-жаны сау» жобасы аясында салауатты өмір салтына арналған «Жалпы мәдени құндылықтар жүйесіндегі дене шынықтыру» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Іс-шараға 4 курс студенттері: Акижанова Зульфина ғылыми жетекшісі аға оқытушы С.М. Каупенбаевамен бірлесіп Ж.Т. Усербаев және ғылыми жетекшісі А.К.Жолдубаевамен бірлесіп ұйымдастырды. ҚазҰУ проф мектебіндегі 9Б ФМ-1 және 9Б ФМ-2 сынып оқушылары қатысты.

 

Сынып сағатының негізгі мақсаты-студент жастардың салауатты өмір салтына баса назар аудару, салауатты өмір салтын насихаттау, оқушылардың салауатты өмір салтына деген оң көзқарасын қалыптастыру. Сынып сағаты кезінде оқушыларға салауатты өмір салтының артықшылықтарын сипаттайтын бейнеролик көрсетілді.

«Қоғам мәдениетінің деңгейі көбінесе адамның жеке қабілеттерін дамыту, ашу және пайдалану дәрежесімен анықталады, бұл ретте жалпыадамзаттық мәдени құндылықтар жүйесінде негізгі құрамдас бөліктердің бірі әртүрлі жас кезеңдеріндегі және әсіресе өмірдің бірінші жартысындағы бүкіл халықтың денсаулығы мен дене шынықтыру деңгейі болып табылатынын атап өту маңызды мүмкіндіктерді анықтайтын барлық басқа құндылықтарды игеру.

Басылым күні :  13.03.2023