Студенттер тәрбиелік іс-шара ұйымдастырды
10-наурызда Философия және саясаттану факультеті «6B03102-мәдениеттану» мамандығының 4-курс студенттері Исаева Лайло, Ли Алина, Секен Аружан және Эрнст Еркінай педагогикалық практиканың ғылыми жетекшісі Абишева А.К. университеттің "Айналаңды нұрландыр», «Green campus», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» «Тәні саудың жаны сау» атты инновациялық жобалары аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде тәрбиелік іс-шара өткізді. Іс-шарада студенттер «Аударма ісі» мамандығы студенттеріне университеттік бағдарламалармен таныстырды

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы, гуманитарлық бағыттағы әлемнің ең үздік оқулықтарын қазақ тіліне аударып, елдегі барлық жоғары оқу орнына жеткізу, сол арқылы гуманитарлық білім мен ғылымның мазмұнын жаңарту.
«Тәні саудың жаны сау» жобасы, оның негізгі мақсаты салауатты өмір салтына, адамның тұрмыстағы күнделікті қалыптасқан дағдысы мен әдеті бойынша еңбек ету, бос уақытын дұрыс пайдалана білуге бағыттау
«Green campus» жобасы - экологиялық білім мен студент жастарды тәрбиелеуге көп көңіл бөледі. Осылайша, әлемдік экологиялық бастамаларды қолдау мақсатында "Жасыл көпір-ұрпақтар арқылы" қозғалысы ұйымдастырылды, оның құрамдас бөлігі "ҚазҰУ – Гринкампус" жобасын іске асыру болып табылады.
"Coursera for Samris" жобасы. "Coursera for campus" халықаралық білім беру платформасы арқылы оқытушылар мен студенттерді платформаны пайдалануға, оқытылатын пәнге сәйкес курсты қалай таңдауға болатыны түсіндірілді. Оқытушылар мен студенттерге курстарды таңдап, оларды өз пәндерімен біріктіру тапсырылды.







