“Green Campus” жобасы аясында кафедраға бөлме гүлін сыйлады
2023 жылдың 6-наурыз күні педагогикалық тәжірибе аясында «8D02204 - Исламтану» мамандығының 1 курс PhD докторанты Шаңбаева Арайлым Нұрдығұлқызы және «6B02203-дінтану» мамандығының 3-курс студенттері ұйымдастырған «Green Campus» жобасы аясында көгалдандыру іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат - студенттер кафедра атмосферасына жағымды әсер ететін, эстетикалық жағынан сұлулық беретін әртүрлі гүлдерді табыс ету арқылы оқу ордасын көгалдандыру. Бұл іс-шараға қатысқан ұстаздар мен студенттер өз ойларын айтты, алған әсерлерімен бөлісті.

Басылым күні : 11.03.2023






