«Тәрбие салт-дәстүрлері» атты ашық семинар сабағы

2023 жылы 6-наурызда «6D020400-мәдениеттану» мамандығының 1-курс докторанты М.А. Есболова педагогикалық практика аясында «Тәрбие салт-дәстүрлері» атты ашық семинар сабағын өткізді. Семинар сабақта студенттердің сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамытуда американдық профессор Эдвард де Бононың «Алты ойшыл қалпақ» әдісін пайдаланды.

Ашық семинар сабағының мақсаты: студенттерге қазақ халқының салт - дәстүрлері мен әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін ұғындыру, салт- дәстүрлерді құрметтеп, қадірлей білуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Студенттердің бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, халық өнегесін үйрету, өз ұлтына, әдет-ғұрып, салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін арттыру. Ұлттық құндылықтар туралы әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар төңірегінде ой қорыту, өздерінің ойларын білдіру.

Студенттерге сын тұрғысынан ойлаудың ақпараттық құзіреттілігі туралы ұғым беру, тұлғаның ақпаратпен өздігінен жұмыс істеп, талдай алу қабілетін дамыту, берілген ақпаратты сыни тұрғыдан бағалауға, оны өз тәжірибесінде қолдана білуге үйрету іске асырылды.

Басылым күні :  06.03.2023