«Діннің қазақ халқының салт-дәстүріндегі көрінісі» атты іс-шара
23-ақпан күні дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Тунгатова У.А дінтану мамандығының 3-курс студенттерімен бірге «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Діннің қазақ халқының салт-дәстүріндегі көрінісі» атты ашық тәрбие сағатын өткізді.
Іс-шара барысында көптеген әсерлі мәліметтер мен бой сергітетін қызықты ойындар болды. Іс-шараның мақсаты-студенттердің алып жатқан білімін қазақ халқының салт-дәстүрімен ұштастырып, оны студенттерге қызықты етіп көрсету болып табылады.

Басылым күні : 23.02.2023






